Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан халықтары Ассамблеясы қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 102-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы «Ассамблеясының» деген сөзден кейiн «2011 жылға дейiнгi» деген сөздермен толықтырылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзiмдi кезеңге арналған стратегиясында (2007 жылға дейін) «2007», «2006» деген цифрлар «2011» деген цифрлармен алмастырылсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы ережеде:
4-тармақта бесiншi абзацтағы «болып табылады» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«этносаралық қатынастарды үйлестірудi қамтамасыз ету, түрлi этностар өкiлдерi арасындағы қарым-қатынастарда төзушілік пен сенiмдi нығайту болып табылады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ассамблея мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткізу үшiн ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiру.»;
6-тармақта алтыншы абзацтағы «болып табылады» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«ұлттық-мәдени бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;
ұлтаралық қатынастар, Қазақстан халықтарының мәдениетi мен тілдерiн дамыту және қолдау мәселелерi бойынша конференциялар мен семинарлар өткізу;
Қазақстан Республикасында ұлтаралық қатынастардың жай-күйiне мониторинг жасау;
ұлтаралық келісім идеяларын, қағидаттарын және нормаларын насихаттау болып табылады.»;
12-тармақта бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: